МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

Қарақозы Әбдалиев турнирі - Азия чемпионатына іріктеу

 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған ерлер арасында халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден жүзден аса боксшы қатысады деп күтілуде.

Осымен 42ші рет өтетін беделді бәсекенің Қазақстан боксшылары үшін биыл орны бөлек болмақ. Себебі, дәл осы шаршы алаңда қазан айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына құрам іріктеледі.
Жарысқа кез келген аймақтан, кез келген боксшы қатыса алады. Яғни, бұл – Ашық турнир. 18 жастан асқан спортшылар ұйымдастыру комитетіне өтініш жолдауы тиіс. Өтініштер 25 қыркүйекке дейін қабылданады.
Турнир барысынан видео материалдар және күнделікті нәтиже Қазақстан бокс федерациясының парақшасында жарияланады. 
Толық ақпарат алу үшін Шымкент бокс федерациясы +7 700 116 1111 (Сейітқали) хабарласыңыздар.
10 сентября, 2024
3092

Қазақстан командасы Азия чемпионатында топ жарды

 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Әл Айн (БАӘ) қаласында жасөспірімдер (қыздар және ұлдар) арасында Азия чемпионаты өтті. 

 
Біріншілікке 26 елден 462 боксшы қатысты.
Қазақстан атынан 56 спортшы бақ сынады, яғни 2008-2009 және 2010-2011 ж.т. жас дәрежесінде әр салмақта бір боксшыдан.
 
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, қоржынында 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль бар Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. 
Екінші орында Өзбекстан болса, үздіктер үштігін Үндістан түйіндеді.
 
Сонымен қатар, Алина Құдайгенова қыздар арасында чемпионаттың үздік боксшысы деп танылды.
 
Қыздар (2010-2011)
Азия чемпиондары:
49 келі. Нұрайым Құдайберген
58 келі. Айлин Ходжамбердиева
61 келі. Аяулым Оспанова
70 келі. Диана Надырбек
Күміс жүлдегерлер:
35 келі. Әсел Джалимбекова
46 келі. Лашын Дәулетжан
52 келі. Арина Оразымбет
55 келі. Балым Ғабитқызы
64 келі. Мадина Нұрманова
+70 келі. Кәусар Сангумбай
Қола жүлдегерлер:
33 келі. Әнел  Ордабек
37 келі. Тахмина Алмасбек
40 келі. Милана Иншина
43 келі. Аружан Тіллабай
67 келі. Қымбат Ғабидолла
 
Ұлдар (2010-2011)
Азия чемпиондары:
35 келі. Абылай Досымбеков
40 келі. Бекхан Оразбаев
43 келі. Жұмағали Нұрмұхан
46 келі. Әмір Мұхит
52 келі. Нұрислам Оңалбек
55 келі. Әбдімансұр Жақсылық
64 келі. Төрехан Қанатбай
70 келі. Мансұр Амантай
Күміс жүлдегер:
61 келі. Алиимран Алиев
Қола жүлдегерлер:
33 келі. Әли Әбдікамал
+70 келі. Жәдігер Мүсірәлі
 
 
Қыздар 2008-2009
Азия чемпионы:
63 келі. Алина Құдайгенова
Күміс жүлдегерлер:
48 келі. Айым Танкибаева
60 келі. София Ващенко
75 келі. Зарина Толыбай
+80 келі. Сабина Жақсылық
Қола жүлдегерлер:
46 келі. Мадира Жұмахан
52 келі. Жамиля Болатбекқызы
57 келі. Айғаным Қадырхан
66 келі. Айсұлу Мұхит
70 келі. Камила Оспанова
80 келі. Айдана Убайдұллақызы
 
Ұлдар 2008-2009
Азия чемпиондары:
75 келі. Тимур Тайбеков
80 келі. Ерубай Тұрлыбай
Қола жүлдегерлер:
60 келі. Ақжурек Қалабай
+80 келі. Владислав Саможонов
 
Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
09 сентября, 2024
2553

24 сентября в Караганде стартуют соревнования по женскому боксу «Турнир сильнейших»

В турнире примут участие 70 женщин-боксеров из всех регионов страны. В Караганде также выступят спортсмены из России.

Главной особенностью соревнований является то, что спортсмены выступают без шлемов.

Тренерский штаб сборной Казахстана по итогам старта примет кадровые решения по формированию состава для участия в чемпионате Азии.

Начиная с четвертьфинала, турнир можно будет смотреть в прямом эфире на телеканале Sport Plus Qazaqstan, а также на сайте sportplustv.kz.

Матчи четвертьфинала начнутся 25 сентября.

02 сентября, 2024

Даурия Кубогы: Қазақстан командасында 13 медаль

Ресейдің Чита қаласында жастар арасында "Даурия Еуразия Кубогы" халықаралық турнирі аяқталды.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы он үш жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.

57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Он спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтыруда.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

 

31 августа, 2024
2528

Боксшылар Президентпен кездесті

Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

Ақордаға бокстан Олимпиада жүлдегерлері Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай, сонымен қатар олардың жеке бапкерлері Асқар Еркебаев пен Долкунжан Камеков барып, салтанатты іс-шараға қатысты.

27 августа, 2024
2375

Жасөспірімдер командасы Азия чемпионатына дайындық жүргізуде

27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Әл Айн (БАӘ) қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Қазіргі уақытта жасөспірімдер командасы Алматы облысындағы жаңа Олимпиадалық даярлық орталығында оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар құрамасы:

46 келі. Мадира Жұмахан
48 келі. Айым Танкибаева
50 келі. Сила Биболсынқызы
52 келі. Жамиля Болатбекқызы
54 келі. Шырын Мәнәпова
57 келі. Айғаным Қадырхан
60 келі. София Ващенко
63 келі. Алина Кудайгенова
66 келі. Айсұлу Мұхит
70 келі. Камила Оспанова
75 келі. Зарина Толыбай
80 келі. Айдана Убайдуллақызы
+80 келі. Сабина Жақсылық

Аға бапкер: Айбек Әбілда

2008-2009 ж.т. ұлдар командасы:

46 келі. Ерасыл Маратов
48 келі. Айдос Үсенов
50 келі. Досжан Жұмахан
52 келі. Бекарыс Әділбай
54 келі. Темірхан Жолмахан
57 келі. Данияр Ақбисенов
60 келі. Ақжүрек Қалабай
63 келі. Кенесарыамир Маржикпаев
66 келі. Бейбарыс Әшірбай
70 келі. Нұрасыл Қарымбек
75 келі. Тимур Тайбеков
80 келі. Ерубай Тұрлыбай
+80 келі. Владислав Саможонов

Аға бапкер: Мақсат Оспанов

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

22 августа, 2024
1533

Мырзағали Айтжановқа құрмет

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

22 августа, 2024
1295

Ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

ҚАЙРАТ САТЖАНОВ БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сатжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.
Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.
2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.
2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.
Қайрат Сатжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

16 августа, 2024
1007

Назым Қызайбай: Үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарын қорытындылап, Olympic.kz сайтына сұхбат берді

Назым Қызайбай 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда болашақ чемпион Ю Вуға есе жіберген болатын. 

"Жартылай финалда жеңілгенде ашуға ерік берген едім. Кеше финалдық жекпе-жекті қараған соң, өзімнің шын мықтыдан ұтылғаныма көз жетті. Мықтыны мойындау керек, қытайлық боксшы бұл салмақтағы ең үздік екенін дәлелдеді. Сондықтан, қола медальді өзім ұзақ күткен Олимпиададан адал еңбекпен алдым деп есептеймін.

Меніңше, дайындық уақыты аз болып қалған сияқты. Лицензияны Азия ойындарында немесе Италиядағы іріктеу турнирінде алғанда, жағдай басқаша болар ма еді?! Таиландтағы іріктеу турнирінен соң толық дайындалуға уақыт аздық етті. Десе де, осы жетістігіммен де мақтанамын. 

Қола жүлдегер атанған соң, жан-жақтан құттықтаулар толассыз келіп жатыр. Өзім тек қана теледидардан көрген Геннадий Головкиннің өзі марапаттап, арнайы құттықтағанда қатты қуанып қалдым. Елге келген соң, өзімнің қандай іс тындырғанымды толық сезінетін шығармын.

Бұл - менің алғашқы Олимпиадам. Жарақатым жоқ, бабымды жоғалтпадым. Сондықтан, бүгін-ертең боксты қойып кетемін деп айта алмаймын. Қазақтан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді. Екі дүркін чемпиондық атақ Серік Сәпиев пен менде бар. Ендігі мақсатым - әлем чемпионатының үшінші алтынын алу", - деді Қызайбай. 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

11 августа, 2024
1097

Нұрбек Оралбай Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері атанды

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. 

80 келі салмақ дәрежесінде финалда жұдырықтасқан Оралбай украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. 

Нұрбек Оралбай бокстан ерлер құрамасының сапынан жүлдеге қол жеткізген жалғыз спортшы.

Олимпиаданың алғашқы айналымында Нұрбек Каллум Петерстен (Австралия) 3:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевті, жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді, есеп 3:2.

Қазақстан бокс федерациясының

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

Фото: Владислав Семенов

08 августа, 2024
1350

Назым Қызайбай - Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері

Былғары қолғап шебері Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үшін бұл алғашқы Олимпиада. Назым Париж шаршы алаңында төрт жекпе жек өткізді.

Алғашқы айналымда италиялық Джордана Соррентинодан, 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдадан, ширек финалда колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лоренадан басым түсті.

Қазақстан бокс федерациясының

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Фото: Владислав Семенов

08 августа, 2024
1125